Референдум-2026

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Энергетика министрлігі

Министрлік жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі төмендегіні хабарлайды:

Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ.

31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.

1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда, - делінген хабарламада.