Елордалық полицейлер ғимараттардың қасбеттері мен қалалық инфрақұрылым нысандарына граффити салуды қоса алғанда, вандализм деректерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері елордада граффити салудың 18 дерегі, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпарат жазылған жазбалар мен суреттерді қамтитын есірткі жарнамасы бар граффитидің 29 дерегі анықталды.
Әрбір анықталған жағдай бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды.
Есірткі жарнамасы бар граффитиді тарату деректері бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бабымен алты қылмыстық іс тіркелген.
Мұндай жазулар қала тұрғындары мен қонақтарының көзіне жиі түсетін қоғамдық орындарға, ғимараттардың қасбеттері мен басқа да нысандарға ерекше назар аударылады.
Еске сала кетсек, Астанада есірткіге қатысты интернет-ресурстарды анықтайтын жүйе таныстырылды.