Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды
24 тамыз, 2025
Фото: видеодан скриншот/ Polisia.kz
Блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.
«33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Полиция ескертеді: қаралым мен «лайк»үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.
Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер
25 қыркүйек, 2026
Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті
25 қыркүйек, 2026
Елордада полиция қызметкері биіктіктен құлайын деп тұрған қызды құтқарып қалды
25 қыркүйек, 2026
Каспийде аман қалған Атырау облысының сарбазы жағаға өз күшімен жеткен