Алматыда жер сілкінді
17 ақпан, 2026
Фото: depositphotos.com
Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сейсмологиялық зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан», делінген хабарламада.
Қазір мәліметтер өңделіп жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен қирауға қатысты мәлімет келіп түспеген.
Еске салсақ, былтыр 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінгенін хабарладық. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан 277 шақырым жерде орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген