«255 мың теңге»: Жәнібек Әлімханұлының Астанадағы жекпе-жегінің билеті сатылымға шықты
5 наурыз, 2025
Фото: Nomad Promotions
Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы кештен дәл бір ай бұрын, яғни бүгін 5 наурызда билеттер сатылымға шықты.
Билеттің ең арзаны 20 мың теңгеден басталып, 255 мың теңгеге дейін жетеді.
Айта кетейік, аталған бокс кешінде Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зәуірбек, өзбекстандық Баходир Жалоловтар да жұдырықтасады деп жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Әлем чемпионатының Америкада өтуі бар сезіміңді су сепкендей басады - Монсон мықтап тұрып айтты
21 маусым, 2026
Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
21 маусым, 2026
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
20 маусым, 2026
Еліміздің сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты