Тамызда бірнеше облыста құрғақшылық болуы мүмкін

25 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Тамызда бірнеше облыста құрғақшылық болуы мүмкін
фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміздің оңтүстігінде жаздың соңында құрғақшылықтың жоғары ықтималдығы сақталады.

Алдын ала есептеулер бойынша тамыз айында бірқалыпты құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысының Жаңғала және Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ыргыз аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
  • сондай-ақ, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде;
  • Павлодар облысының Ақтоғай және Железинка аудандарында:
  • Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл және М.Жұмабаев ауданындарында бірқалыпты ылғалды жағдайлар болжанады.

«Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде»,- делінген хабарламада.