Биыл елімізде 2,7 млн га алаңда шегірткеге қарсы күрес жүргізілді

1 тамыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Биыл елімізде 2,7 млн га алаңда шегірткеге қарсы күрес жүргізілді
Фото: pixabay.com

Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, қазір еліміздің барлық өңірінде өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 

«Күрес шараларын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында, аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін барлық өңірде облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі орынбасарлары басқаратын жедел штабтар, әр аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылды. Арнайы жол картасы әзірленді», - деді спикер. 

Жалпы, биылғы зерттеу жұмыстарына 3652 адам тартылды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі есеге артық. Зерттеушілер санының артуы мониторинг жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік берді. Зерттеу шараларына 7 агродрондар сатып алынып жұмылдырылды. Өңдеу жұмыстарына 443 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, атап айтқанда, шегірткелермен күресуге 239 жер үсті бүріккіш техникасы, 100 газогенератор, 24 жеңіл ұшақ, 31 аса жеңіл ұшақтар және өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен 49 агродрон қолданылды.