Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді
6 наурыз, 2025


Фото: freepik.com
Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр гүл 53 елден, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген.
Ең ірі жеткізушілер:
- Эквадор – 6,4 мың тонна;
- Нидерланд – 2,3 мың тонна;
- Қытай – 1,1 мың тонна;
- Колумбия – 978 тонна;
- Кения – 975 тонна.
Айта кетейік, осы кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады