«2027 жылы пайдалануға беріледі»: Астанада Диснейленд салынып жатыр ма
8 сәуір, 2025


фото: freepik.com
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев «Астанада Диснейленд салынып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Вице-министрдің сөзінше, «Барыс Арена» мұз сарайының маңында құрамында ойын-сауық паркі бар көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы басталды.
«Бұл Диснейленд емес. Жобаны шетелдік инвестор іске асырады. Бүгінде жұмыс басталды. Ол тек ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен сауда орталығымен халықаралық деңгейдегі қонақ үйді қамтитын болады. Бұл елордада туристерді қызықтыратын орын болады деп ойлаймыз. 2027 жылы жоспар бойынша осы үлкен кешеннің туристік бөлігі пайдалануға беріледі», – деді Ержан Еркінбаев.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады