Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегі төмендей ме
30 маусым, 2025


фото: Оңалхан Өнерхан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәжіліс кулуарында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегін төмендету жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министр мұндай қадамға бару тиімсіз екенін атап өтті.
«Біз бәріміз зейнетақы жинақтары адамның қартайған шағындағы өмір сапасын қамтамасыз етуі керек екенін білеміз. Ал бұл жинақтарды ерте жаста шешіп алу қартайғанда төленетін зейнетақы құнының төмендеуіне әкеп соқтырады. Сондықтан дәл қазіргі уақытта мұны істеудің қажеті жоқ деп ойлаймыз», – деді Светлана Жақыпова.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты