Wanderlust Reader Travel Awards рейтингінде Қазақстан үздік бестікке енді
8 қараша, 2024


фото: Оңалхан Өнерхан
Жыл сайынғы беделді Wanderlust Reader Travel Awards нәтижелері жарияланды. Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында көшбасшылардың бестігін түйіндеді. Бұл туралы Elordainfo.kz «Қазақ Туризм» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ал Air Astana компаниясы ірі авиатасымалдаушылармен бірге «Сүйікті әуекомпания» аталымында топ-10-ға кірді.
Шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттар, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтер онлайн-дауыс арқылы айқындалды. Оған әлемнің түрлі елдерінен ниет білдірген адамдар қатысты.
«Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатының үздік бестігіне Өзбекстан, Албания, Катар, Әзірбайжан да кірді.
Айта кетейік, жыл сайынғы байқауды Ұлыбританияның беделді туристік басылымы Wanderlust журналы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты