Мектептерде тегін тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейді
18 тамыз, 2024


Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты