Қазақстандағы халық саны белгілі болды
1 шілде, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елде 20 370 672 адам тіркелген. Ал 1 мамырда халық саны 20 353 265 адам болған.
Халық саны бойынша көшбасшы өңірлер – Алматы (2 314 929 адам) мен Түркістан облысы (2 150 992 адам).
Сондай-ақ 1,5 миллионнан аса адам тұратын тығыз қоныстанған өңірлерге Алматы облысы (1 575 657 адам) мен Астана (1 566 566 адам) жатады.
Миллионнан аса халқы бар өңірлер қатарында Қарағанды облысы (1 133 068 адам), Жамбыл облысы (1 220 481 адам) және Шымкент (1 274 296 адам) бар.
Сонымен қатар республикада қала халқы басым. Қалаларда 12 877 408 қазақстандық тұрса, ауылдық жерлерде 7 493 264 адам тұрады.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты