Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады


10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.
«Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек.
Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.
Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.
Оқи отырыңыз: Депутаттар әскери парадқа дайындық барысымен танысты
Айта кетейік, Астанада 4 мыңнан астам әскери қызметші парадқа дайындалып жатыр.



