Жеңістің 80 жылдығы: Астанада 4 мыңнан астам әскери қызметші парадқа дайындалып жатыр

4 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жеңістің 80 жылдығы: Астанада 4 мыңнан астам әскери қызметші парадқа дайындалып жатыр
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

 Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қызу жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Даладағы лагерьде дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды. 203 шатыр, 11 тірек пункті, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 12 шатыр, жеті дала монша кешені, далалық аурухана, сонымен қатар көлік паркі мен жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылды», – делінген хабарламада. 

Парадқа қатысушылардың дені қазірдің өзінде елордаға келіп, барлық бөлімшелердің біртұтас күшіне бірігіп, жаттығуларын күшейтіп жатыр.

«Парадқа қатысатын әскерилердің саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. 300-ден астам әскери және техника сап түзеп жүріп өтеді. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады», – делінген хабарламада.