Астаналық спортшылар конкурдан Қазақстан чемпионатында топ жарды

6 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшылар конкурдан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Алматы облысындағы Almaty Horse & Polo Club аумағында конкурдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жарыстың басты мақсаты – конкур сайысында болашағынан үміт күттіретін спорттық жылқыларды анықтау.

Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының спортшылары қатысты. 4 пен 7 жас аралығындағы жылқылар 80-130 см биіктегі кедергілермен жабдықталған маршруттарда сынға түсті.

Қазылар алқасы шабандоз бен жылқы арасындағы өзара әрекеттестікті, кедергілерді бағындыру техникасы мен стилін, сондай-ақ жылдамдықты бағалады. Бұл қасиеттер болашақта халықаралық ірі турнирлерде табысты өнер көрсету үшін аса маңызды.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Астана атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

• Конкур №1 – 7 жасар жылқылар (120-130 см): 1-орын – Азамат Хасенов, «Изи Стар» атты жылқымен.

• Конкур №3 – 5 жасар жылқылар (100-110 см): 2-орын – Ануар Досмайылов, «Гугл» атты жылқымен.

• Конкур №4 – 4 жасар жылқылар (80-100 см): 1-орын – Жалғасбек Сүлейменқұлов, «Лебедь» атты жылқымен, 2-орын – Қылышбек Ғаппар, «Тутанхамон» атты жылқымен.