Елімізде 16 млн-нан астам тонна астық бастырылды

Бүгін, 13:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views45
Елімізде 16 млн-нан астам тонна астық бастырылды
Фото: primeminister.kz

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 10,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 68,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 16,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 799,3 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,7 центнер өнімділікпен 1,9 млн тонна картоп және гектарына 298,2 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,3 ц/га өнімділікпен 405,2 мың тоннадан астам қырыққабат, 412,2 ц/га өнімділікпен 731,2 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,2 ц/га өнімділікпен 305,7 мың тонна сәбіз жиналды.

«Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр», - делінген хабарламада.