Астаналық полицейлер қазақ күресінде жеңімпаз атанды

Фото: Астана қаласы Полиция департаментінен
Астанада қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында іріктеу чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Чемпионатта әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесі, ал ерлер арасында тоғыз салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарысқа Астана қаласының әр ауданынан және жеке клубтардан үздік деген 130 балуан қатысты. Соның ішінде, Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері де қатысқан болатын.
Астаналық полицейлер Жалғас Шынкеев 100 кг салмақ дәрежесінде қатысып жүлделі 1-орынға ие болса, Байдәурен Чуюнбаев 66 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады.
Бұған дейін де тәртіп сақшылары түрлі республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз атанды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астаналық оқушы Нью-Йорк Ғылым академиясы зерттеу бағдарламасының мүшесі атанды

12 қазан, 2025
Елордалық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

10 қазан, 2025
Астаналық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

9 қазан, 2025
Елордалық студент TurkicSkills-2025 чемпионатында жүлделі орынға ие болды