Жыл басынан бері елордада 1200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді
Елордада жыл басынан бері 1220 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1355 азамат жарақат алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 286 жол-көлік оқиғасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болды, онда 308 бала жарақат алды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полковник Ержан Әділбековтің айтуынша, жол-көлік оқиғасының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда зейін мен қырағылықты жоғалту болып табылады.
«Бұл ретте ең көп тараған бұзушылық жолдың белгіленбеген жерлеріндегі жолдың жүру бөлігін қиып өту болып қала береді. Мәселен, ағымдағы жылы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 470 ЖКО тіркелді, онда 468 адам зардап шекті.
Сонымен қатар, соңғы уақытта скутерлердің, мопедтердің, шағын электр көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруде. Ағымдағы жылы мопед жүргізушілерінің қатысуымен 200 ЖКО тіркелді, онда 55 адам жарақат алды.Мопед жүргізушілерінің қатысуымен болған ЖКО талдауы көрсеткендей, бұл негізінен кәмелетке толмаған жүргізушілер», - деп жазылған хабарламада.