Жеңіс Қасымбек тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Бүгінгі кездесуде аудан тұрғындары жол, кәріз желісі, аула және қоғамдық кеңістіктер салу, жарықтандыру, жаңа маршруттарды іске қосу, тығыз салынған құрылыстар және т.б. мәселелерді көтерді, деп хабарлады Elorda.info.
Аудан тұрғыны Алтынай Мұқанова қаладағы Кеңдала көшесі, 8 үй тұрғындарының мәселесін айтты.
Тұрғындардың басты мәселелерінің бірі – газдандыру. Бұл мәселенің шешілуін 4 жылдан бері күтіп жүрміз. Тиісті органдарға хабарластық. Бірақ әлі хабар жоқ. Бұл мәселе қазір қай деңгейде тұр? Тіпті бізге,жағдайға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілген жоқ. Газдандыру жұмыстары биыл жүргізіле ме? - деді тұрғын.
Бұл сұраққа қатысты Сарыарқа аудан әкімінің жауабынша, қазір жобалау жұмыстары жасалып жатыр. Бұл маңда газа тартылмаған санаулы ғана үй қалған. Үйлер алдағы уақытта газбен қамтылады.
Ал қала әкімі дәл осы көшеге емес, ауданға газдандыру жұмыстары қашан жүргізілуі мүмкін екенін айтып өтті.
Республикалық бюджеттен нақты осы ауданға газдандыруға қаржы бөлінген жоқ. Біз өз тарапымыздан ұсыныстарды бердік. Егер барлығы дұрыс болса, мамыр айына дейін шешіледі және жұмыстарды бастаймыз.
Мен нақты сіздің көше бойынша айтып отырған жоқпын. Бұл аудан бойынша, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сәбина КӘКІМЖАН