00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Елорданың коммуналдық және өзге де салаларының дайындығы тексерілді

5 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Елорданың коммуналдық және өзге де салаларының дайындығы тексерілді
фото: Instagram/ Ерлан Каналимов

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 4 күн қалды. Бүгін жарыстарды өткізу жөніндегі штаб мүшелерімен бірге елорданың коммуналдық, медициналық, полиция және өрт сөндіру қызметтерінің дайындығы тексерілді. Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жеке құрамның, арнайы техниканың, медициналық және құтқару жабдықтарының дайындығын тексердік. Бірқатар нысандарды - Ұлттық музей, «Думан» қонақ үйі, этноауыл, «Қазанат» ипподромы, Жекпе-жек сарайы және «Астана Арена» стадионын араладық», - деді мәслихат төрағасы.

Жарыс өткізілетін орындарға 12 жедел медициналық жәрдем автокөлігі, өңірлерден 4 реанимобиль, 4 шұғыл санаттағы 5 жедел жәрдем автокөлігі, сондай-ақ 14 медициналық пункт тартылатын болады.

«Жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Кәсіпорындарда жауапты тұлғаларды анықталды, кезекшілік кестелері бекітілді. Инженерлік жүйелердің жұмысына бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар әзірленді және енгізілді. Іс-шараларды өткізудің барлық объектілерінде резервтік тамақтану қамтамасыз етілген», - деді Ерлан Каналимов.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оларға 85-тен астам елден екі мыңнан астам спортшы қатысады. Бағдарлама сәйкес 21 спорт түрінен жарыстар өткізіледі.