V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Елордалық спортшы дәстүрлі садақ атудан қола жүлде алды

Фото: Elordainfo.kz
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Қасымхан Қанат қола медальға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын тағы бір жерлесіміз әйелдер арасында өнер көрсеткен Айкөркем Батихан қола медаль еншілеген болатын.
Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр.
Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.
Айта кетейік бұл спорт түрінен Астана қаласының алты спортшысы бақ сынауда.
Ұқсас жаңалықтар

16 қыркүйек, 2025
Астана қалалық мәслихатының депутаттары бірқатар білім беру нысандарын аралады

16 қыркүйек, 2025
ЖИ бойынша халықаралық сарапшылар Астанада бас қосады

16 қыркүйек, 2025
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарымен танысты

16 қыркүйек, 2025
Елордалық полицейлер есірткі таратушыларды ұстады