ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
15 тамыз, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін Астанада жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана әкімдігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:35
«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды

Бүгін, 10:01
Жиһаз жасау арқылы миллиондап табыс табуға болады - Joltap бағдарламасы қатысушысы

8 ақпан, 2025
Астанада ҚТЖ ғимаратынан 3 600 қызметкер шұғыл эвакуацияланды

7 ақпан, 2025
Елорда экономикасына былтыр 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды