«Тұрғын үй қоры» астаналықтарды жалған хабарламаға сенбеуге шақырды
Алаяқтар «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы А.А.Саипов пен «Тұрғын үй қоры» директоры Н. В. Қожахметованың атынан WhatsApp арқылы жалған хабарлама жолдап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты мекеме елорда тұрғындарын мұндай хабарламаға сенбеуге шақырды.
«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» және «Тұрғын үй қоры» кезекті сақтау немесе оны алға жылжыту және баспана алу үшін ақша аудару болмаса кредиттерді жабу туралы талап етпейді. Сондай-ақ азаматтарға кезекте тұрғандардың дербес деректеріне қатысты ешқандай хабарламалар жібермейді.
«Егер өзін тұрғын үй орталығының, тұрғын үй басқармасының немесе Тұрғын үй қорының қызметкерімін деп қоңырау шалса немесе хабарлама жіберсе оған сенбеуге шақырамыз. Кез келген мәліметті Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша және 8-776-198-29-70 нөмірі бойынша хабарласып, нақтылай аласыздар», - делінген хабарламада.