Тоқтаров көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
13 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Астанада жөндеу жұмысына байланысты Тоқтаров көшесіндегі учаске жабылады, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тоқтаров көшесіндегі Сусамыр көшесінен Қ.Кемеңгерлұлы көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты 14-24 маусым күндері жоғарыда аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды
20 қыркүйек, 2024
Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды
20 қыркүйек, 2024
Мәслихат отырысында МӘМС мәселесі көтерілді
20 қыркүйек, 2024
Елордада мәдениет саласының қызметкерлері инклюзивті орта құруды талқылады