Соңғы үш жылда өрт салдарынан 5 бала қаза тапты
Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен «Балалар жарақаттануының алдын алу туралы» баспасөз конференциясында қала бойынша өткізілетін профилактикалық шаралар кешені туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық шаралар кешенін жүргізеді. Бұл жұмыс балабақшалардан басталады. Біз балабақшаларға келеміз, викториналар ұйымдастырамыз, балалармен сөйлесеміз. Өрт болған кезде ересек адамдарда өзін-өзі сақтау инстинкті пайда болады. Ол интуитивті түрде қауіпсіз ортаны іздейді және өзіне қауіп төнген бөлмеден кетуге тырысады. Ал бала қорқады, сондықтан төсек астына, шкафтарға тығыла бастайды. Бұл мәселеде балаларға мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін дұрыс түсіндіру қажет, - дейді Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ажар Рустемова.
Сондай-ақ спикер жазғы демалысты қауіпсіз өткізу үшін балаларды қараусыз қалдырмау керектігін айтты.
Сонымен қатар, балаға сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіру өте маңызды. Бұл өртке әкелуі мүмкін екенін айта кету керек. Пештер мен газ плиталарын қадағалауды қамтамасыз ету керек. Балаларға сөндірілмеген сіріңке үлкен өртке әкелуі мүмкін екенін түсіндіру керек, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш жылда өрт салдарынан 5 бала қаза тауып, 12 бала зардап шекті. Өкінішке орай, ағымдағы жылы 1 бала отпен ойнау салдарынан қаза тапты.