Сарыарқа ауданында отбасылар арасында спорттық жарыс өтті (ФОТО)
Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Сарыарқа ауданының теміржол қызметкерлері арасында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!» спартакиадасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев, «Қамқор Магистраль» кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Байқадамова және Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Аяулым Қанатқызы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ олар балалар еліміздің жарқын болашағы екенін, әрдайым оларға қамқорлық таныту қажет екенін еске салды.
Оқи отырыңыз: Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды
Астана локомотив жөндеу депосының жұмыскерлері 6 командаға бөлініп, көңілді сайысқа 7-9 жас аралығындағы балаларымен қатысты. Берілген тапсырмаларды орындап, көңілді және тартысты ойын көрсетті.
Сондай-ақ «Ең тапқыр отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Креативті отбасы», «Мықты отбасы», «Мерейлі отбасы» номинациясылары бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.