00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық музейде  «Рәмізге құрмет - ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті

Ұлттық музейде  «Рәмізге құрмет - ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті
Коллаж: Elordainfo.kz

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Астана қаласы әкімдігінің № 73 мектеп лицейінің оқушыларының қатысуымен «Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті, деп хабарлады Elorda.info

Танымдық экскурсия Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарыЖанарбек Әшімжанов, Ардақ Назаров және Болат Керімбек арнайы шақырылды. Халық қалаулылары жас ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізіп мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғынып құрметпен қарауға шақырды. 

Шара барысында мектеп оқушылары ел ағаларымен «Дәстүрлі мәдениет» және «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына экскурсия жасады. Еліміздің өткені мен бүгінгісінен сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысып шықты. Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында кездесу соңында викториналық сұрақтар қойылды. Қойылған сауалдарға дұрыс, әрі нақты жауап берген шәкірттерге Мемлекеттік Ту бейнесіндегі төсбелгілер мен символдық сыйлықтар табысталды. Ал балаларды сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп, бүгінгі іс-шараға қолдау білдір ұстаздар қауымына Орталық басшысы Қалқаман Сариннің атынан алғыс хаттар табысталды.