00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отбасы күніне орай елордада жас жұбайлар некелерін қиды (ФОТО)

15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отбасы күніне орай елордада жас жұбайлар некелерін қиды (ФОТО)
Фото: Василий Крась

Астанада Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу құрметіне орай салтанатты неке қию рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Куәліктерді тапсыру рәсімі Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаевтың, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанованың, сондай-ақ әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Светлана Айтбаеваның қатысуымен өтті.

3a2e422e-bd96-4593-af77-1b6ac9373618.jpg

297838ab-a304-4b52-8a04-463973a9a771.jpg

Бұл атаулы күнді біз дәстүрлі түрде сол жағалаудың қақ ортасында, Бәйтерек монументінде атап өтеміз. Елорда мен Қазақстан үшін маңызды жерде жасалған некеңіз бақытты, берік және ұзақ болсын! - деп атап өтті өз сөзінде Асылбек Есенбаев.

Іс-шара қонақтары да жас жұбайларды құттықтады:

Отбасы – бұл қоғамның ең кішкентай, бірақ сонымен бірге ең маңызды бірлігі. Отбасы институтын дамыту және қолдау арқылы біз қоғамымызды да дамытамыз. Мәңгілік өмірдің символы, ұлттың мәдени маңызды бөлігі «Бәйтерек» монументінде жастарды құттықтаймыз, - деп атап өтті Н.Мақжанова.

163ecc2e-d701-46c2-a7c0-34ce74cf2f11.jpg

Салтанатты шара қонақтарын №2 Өнер мектебінің «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі қарсы алды. 

Айта кетейік, іс-шара жыл сайын 15 мамырға неке қиюға өтініш берген жұптардың қатысуымен өткізіледі