Қошқарбаев даңғылындағы учаске жартылай жабылды
23 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 23-29 сәуір аралығында Қошқарбаев даңғылынан көлік айрығына дейінгі Астана - Қарағанды тасжолында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты бұл учаске ішінара жабылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар