Оралда азық-түлік дүкені өртеніп, 20 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін таңертең Орал қаласында Әбілқайыр хан көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«ТЖМ күшімен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. 30 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өрт 20 шаршы метр алаңға жайылған», - деп көрсетті ТЖМ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:50
Астана қаласы әкімі Elorda Aqparat медиахолдингінің қызметкерлерін марапаттады
Бүгін, 17:44
Дарын Мұстафин аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде алды
Бүгін, 17:04
Елордада Республика күні қарсаңында мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды
Бүгін, 16:05
Астанада коммуналдық қызмет саласының үздік қызметкерлері марапатталды
