00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтасты көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

22 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтасты көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды
ашық дереккөз

Ақтасты көшесінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ақтасты көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты 22 сәуір күні сағат 23:00-ге дейін Горький көшесінен Ақжар көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылды, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.