00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада некені бұзу туралы 3 мыңнан астам талап арыз тіркелді

Астанада некені бұзу туралы 3 мыңнан астам талап арыз тіркелді
коллаж Elordainfro.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингте Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғалия Сайдульдинова неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулардың ең көп таралған санаты некені бұзу екенін айтты.

Статистикалық деректер бойынша көрсетілген кезеңнен бастап сот тәртібімен тараптар некені бұзу туралы 2023 жылы 3,5 мыңнан астам талап арыз берді, оның ішінде 2 мың іс бойынша шешім шығарылды. Тараптардың татуласуына байланысты келіп түскен талап арыздардың жартысынан астамы қараусыз қалды. Сол сияқты, 2024 жылдың 5 айында сотқа 2,5 мың іс келіп түсті, оның ішінде мыңға жуық талапкер татуласуға байланысты талаптарын қайтарып алды, - деді спикер.

Ол сотта некені бұзу туралы талаптарды қарау тәжірибесіне сүйене отырып, елорда тұрғындары арасында шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық, лудомания, алкоголизм, нашақорлық, зинақорлық, ерлі-зайыптылардың бірге ұзақ тұрмауы себеп болатынын атап өтті.