00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұра ауданында 60-тан астам маңдайша мен жарнама алынып тасталды

29 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұра ауданында 60-тан астам маңдайша мен жарнама алынып тасталды
фото:gov.kz

Нұра ауданында 6 тұрғын үй кешенінен қаланың келбетін бұзатын 60-тан астам маңдайша мен сыртқы жарнама алынып тасталды. Себебі олардың бәрі 2019 жылы бекітілген Астана дизайн кодына сәйкес емес, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлерге дизайн код бойынша қиын талаптар қойылған жоқ. Ең бастысы, белгілер ғимараттың қасбетіне бейімделуі керек және визуалды шу тудырмауы керек. Қала үлкейіп, дамып келеді және оның біртұтас келбеті болуы тиіс,– деп атап өтті Нұра ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Әлия Әбсеметова.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, орталық көшелер бойында орналасқан тағы 4 тұрғын үй кешені кезекте тұр. Бірте-бірте аудандағы белгілер мен жарнамалардың бәрі ретке келтіріледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қала келбетін дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша жұмыс белсенді түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 1500-ден астам заңсыз орнатылған белгі мен жарнамалық баннер алынып тасталды.