Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам заңсыз қаражат қайтарылды
12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Elordainfo
Астаналық прокуратура мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам сомаға заңсыз алынған ақша қаражатын қайтарды, деп хабарлады Elorda.info.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау органы мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс қозғады.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат анықталып, оған тыйым салынды.
Қала прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот 50 502 280 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты мемлекет кірісіне тәркіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:51
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
21 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады