Ұлттық ұлан су жаңа көліктермен вальс билеп, видеоға түсірді

Бүгін, 15:29
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views84
Ұлттық ұлан су жаңа көліктермен вальс билеп, видеоға түсірді
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Су жаңа көлік иеленген Ұлттық ұланның жүргізушілері кәсіби шеберліктерін ерекше тәсілмен көрсетті. Олар саптық алаңда автокөліктермен вальс билеп, видеоға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ІІМ Ұлттық ұланының елордалық жедел құрамасына қызметтік автокөліктерді тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара барысында жеке құрамға 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.

Бұл тарту Ұлттық ұлан әскеріне Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен берілді. Аталған көліктер әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметке даярлығын арттыруға бағытталды. Жаңа техника қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жедел әрекет ету және өзге де қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.

Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков арнайы қатысты. Ол жаңа автокөліктердің елорданың қауіпсіздігін сақтауда айрықша маңызға ие екенін баса айтты.
 

«Жаңа автокөліктер сіздерге қызметтік міндеттерді тиімді орындауға, кез келген жағдайда жедел әрі батыл қимылдауға мүмкіндік береді», - деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.