LRT бойында демалыс аймақтары мен велосипед жолдары пайда болады

27 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
LRT бойында демалыс аймақтары мен велосипед жолдары пайда болады
фото: instagram.com/centerofurbanism/

Астанада қала инфрақұрылымын дамытып, тұрғындарға ыңғайлы қоғамдық кеңістіктер жасау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Урбанистика орталығының мәліметінше, биылғы басты жобалардың бірі – LRT бойындағы абаттандыру және көгалдандыру. Бұл жоба Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесін қоса алғанда, қаланың маңызды учаскелерін қамтиды.

Негізгі жұмыстар:

• Қабанбай батыр даңғылы: Әуежайдан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аумақта көгалдандыру жүргізіледі.
• Сығанақ көшесі: Қабанбай батыр даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі бөлігіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда жаңа ағаштар отырғызылып, велосипед жолдары мен заманауи көше жиһазы орнатылады.
• Шәмші Қалдаяқов көшесі: Highvill Ishim және Monaco Residence тұрғын үй кешендерінің маңында абаттандыру жобасы жүзеге асырылады.
• Қоғамдық кеңістіктер: LRT-тің Mega Silk Way СОО, ботаникалық бақ және «Поколение» тұрғын үй кешені маңындағы негізгі аялдамалары жанында жаңа демалыс аймақтары пайда болады.

фото: instagram.com/centerofurbanism

«Бұл жобалар қаланы жайлы, жасыл және заманауи етіп, тұрғындарға демалуға және уақыт өткізуге арналған тартымды орындар ұсынуды көздейді»,- деп жазылған хабарламада.