Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын жол уақытша жабылады
15 тамыз, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз айдыны сарайы жақтан «Астана Арена» аумағындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты 22-25 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашылып, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар