00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ерлан Каналимов астаналықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

31 желтоқсан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерлан Каналимов астаналықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Фото: Е.Каналимов/Facebook

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – әр адамның өміріндегі ең жарқын әрі ерекше мерекелердің бірі. Бұл – өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктерімізді саралап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын ерекше уақыт. Сенімдімін, өткен жыл әрбір қазақстандық отбасының өмірінде жарқын әрі маңызды оқиғаларымен есте қалады. 2025 жыл тек жақсылық, жылулық пен қуаныш әкелсін, ал барлық қиындықтар мен қайғы-қасірет ескі жылмен бірге артта қалсын», - деп жазды Е.Каналимов.

Сондай-ақ ол жаңа жыл мерекесімен құттықтап, молшылық, махаббат пен мықты денсаулық тіледі.