Елордалық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды
4 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы ТЖД «Жас құтқарушылар» командасы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жас құтқарушы» халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыс Әзірбайжанның Гябяля қаласында өтті.
Сайыс түрлі бағыттар, спорттық іс-шаралар және өзін-өзі құтқару дағдыларын үйрету, атап айтқанда: «Өрт эстафетасы», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Кедергілер жолағы» сондай-ақ «Фотокөрме. Менің елім, менің командам» бойынша өтті.
Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша «Жас құтқарушы» халықаралық слетіндегі жалпы командалық есепте астаналық команда 3-ші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді