Елордада жолдарға 6 мың тоннадан астам құм-тұз қоспасы себілді
Елордада жолдарға 6 мың тоннадан астам құм-тұз қоспасы себілді
Биыл ақпан айының басынан бері тротуарлар мен жолдарға 6 мың тоннадан астам құм-тұз, техникалық тұз және басқа да реагенттер себілді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолындағы мұз да тазартылып жатыр.
Таңертеңнен бастап қаланы қардан тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жұмысшы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
«Қазгидромет» мәліметінше, 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын жауды, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық. Екі аптаға жуық уақытта коммуналдық қызметтер 1,1 миллион текше метрден астам қар шығарды.
Өткен түнде елордадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.
Қыс мезгілінің басынан бері бас-аяғы 325,7 мың рейс арқылы қала сыртындағы полигондарға 4,4 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Айта кетейік, ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады.