Елордада жастар форумы өтіп жатыр
Жастар сарайында елорда жастары үшін «JASTAR FEST» форумы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Форумға Астана қаласы мәслихатының депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілі, белгілі блогерлер мен жастар арасындағы қоғамдық көшбасшылар қатысып жатыр. Сонымен қатар елордалық студенттер мен белсенді жастар жиналды. Оларға форум спикерлері өз баяндамаларын ұсынады.
Ашылу салтанатында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев форумның мақсатына тоқталып өтті.
«Бүгінгі шара жай ғана талқылау алаңы ғана емес, білім алмасудың, жаңа достар табудың, идеялардан шабыт алудың және даму жолындағы маңызды қадамдарды жоспарлаудың мүмкіндігі. Жастар форумының қатысушыларына, спикерлерге және жастарға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын»,- деді басқарма басшысы.
Шара жастардың елге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыруды мақсат еткен. Жиынды қалалық әкімдік ұйымдастырды.
Форум барысында IL' HAN, Ибрагим Ескендір, BONAPART жас орындаушылар өнер көрсететін болады.