00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жас спортшылар оқудан заңсыз шығарылған

22 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жас спортшылар оқудан заңсыз шығарылған
фото: Астана қаласының прокуратурасы

Елордада жас спортшылар оқудан заңсыз шығарылған, деп хабарлады Elorda.info.

Спорт мектебі оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша «Нұра» ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, балалардың оқудан заңсыз шығарылғанын анықтады.

Кәмелетке толмаған спортшыларды жыл сайынғы бақылау-аударма нормативтерін тапсыра алмағаны үшін спорт мектебінің басшылығы оқудан шығарған. Қадағалау актісі негізінде жас спортшылар спорт мектебіне қайта қабылданып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды  Астана қаласының прокуратурасы. баспасөз қызметі.