Елордада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі жарияланды


Астанада «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін қалған 93 пәтер бойынша «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2 (екі) және 3 (үш) бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрғандар арасында кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды», - делінген Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының хабарламасында.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, ары қарайғы жолдарын түсіндіреді.
Ерекше айта кетерлігі, алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін шотты арестен алуды алып тастауды сұрамайды.



