Елордада жеке тұрғын үй аумағында автокөлік өртенді
15 тамыз, 2024


коллаж Еlordaqparat
Елордалық өрт сөндірушілер гараждағы өртті сөндірді, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Астана қаласының Алматы ауданының жеке тұрғын үй аумағында орналасқан гараж бен жеңіл автокөлік өртенді.
ТЖМ күштерімен 50 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Себебі анықталуда.
Министрлік төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар