00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді

5 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
Фото: дереккөз

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (жауын, көктайғақ) травматологиялық пункт жедел сапалы көмекті қамтамасыз етіп, жоспарлы хирургиялық көмек көрсету қызметін күшейтілген режимге өзгертті, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы елорда тұрғындарын мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюге кеңес береді. Жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне жүгіну қажет.

Сонымен қатар, әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда, үйден шықпауы қажет. Травматологиялық науқастарға тұрғылықты жеріне қарамастан тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді.

9 қараша күні №2 көпбейінде қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылған болатын. Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Айта кетейік, Астанада көктайғақты болдырмас үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.