00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада өткен «Қош келдің, Жаңа жыл!» шыршасына 60 бала қатысты

24 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада өткен «Қош келдің, Жаңа жыл!» шыршасына 60 бала қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Қош келдің, Жаңак жыл!» атты қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

24-2.jpg

Жаңа жылдық шыршаға 30 отбасыдан келген 60 бала қатысты. Олардың қатарында мүгедектігі бар, мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Орталықтың баспасөз қызметінің өкілі Баян Жалмағанбетованың айтуынша, қиын өмірлік жағдайдан шыққанша отбасыларға орталық жәрдемдеседі.

24-4.jpg

Жаңа жылдық мерекені ұйымдастыруға Конституциялық Сот, «DOS ortopedia» ЖШС және «Amer events» қаржылай қолдау көрсеткен. Оларға балаларға тәттілер мен циркке билеттер дайындаған. Бастысы ертеңгілікке келген әр балаға ұйымдастырушылар жаңа жыл мерекесін сезіндіруді мақсат еткен. Сондай-ақ іс-шараның мақсаты – әр қатысушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. 

 Құрметті, демеушілер. Осындай іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарыңыз ата-аналар атынан алғыс білдіремін. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық пен жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін, - деді ертеңгілікке қатысқан  баланың ата-анасы. 

24-5.jpg

Айта кетейік, жыл соңына дейін «Жанұя» орталығы тағы да осындай бірнеше жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.