Елордада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді
Астанада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiлері үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады.
Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 55 68 90, 87754008002 телефондары арқылы хабарласу қажет.
Айта кетейік, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2–тармағының 27) тармақшасы) – жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.