00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада көлік кептелісі мәселесі қалай шешіледі

Елордада көлік кептелісі мәселесі қалай шешіледі
ашық дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business телеарнасының «Exclusive» бағдарламасына берген сұхбатында көшелердегі кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада көлік кептелісі ең үлкен магистральдар Мәңгілік ел, Тұран, Қабанбай батыр, Б.Момышұлы, Тәуелсіздік даңғылдарында кездеседі.

Ең басты проблема өзен арқылы қаланың екі жағын қосу. Біз жыл сайын бір көпірді салуымыз керек. Былтыр бір көпір салынды, биыл күзде Тәуелсіздік даңғылын жалғастыратын тағы бір көпір салынады. Ол көпір уақытымен іске қосылса, қазіргі көшелердегі көптеген мәселелер шешілетін болады, деді әкім. 

Сондай-ақ жаңа жоба бойынша Кенесары көшесін жалғастыратын әрі қарай Есіл ауданына шығатын көпір салынатынын жеткізді.