00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада үйлердің лифт жабдықтары ауыстырылып жатыр

9 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада үйлердің лифт жабдықтары ауыстырылып жатыр
Фото: kanalimov

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі және Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.  

Оның айтуынша, елордада 2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту аясында ағымдағы жылы лифт жабдықтары ауыстырылуда. «Байқоңыр» ауданының Ғабдулин көшесі, 4 және 5, Кенесары көшесі, 42 үйінде 6 лифт жаңартылды. Тәшенов көшесі 17/1 бойынша 2 лифтке тапсырыс берілді және жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. 

«Алматы» ауданында 32 лифт, «Сарыарқа» ауданында 2 лифт ауыстырылып, тағы бір лифт ауыстырылады деп күтілуде. Келесі жылы ауданның 3 көп пәтерлі тұрғын үйінде тағы 8 лифт жаңартылады. Лифт жабдықтарын ауыстыру және жөндеу «АMANAT» партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасы басымдықтарының бірі екенін жеткізкім келеді, - деді Ерлан Каналимов.